Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Актриса былтыр 4 қазанда экс-күйеуімен заңды түрде ажырасып кеткенін хабарлаған

Фото: Instagram/asselsadvakassova

Бірнеше ай бұрын ажырасып кеткен танымал актриса Әсел Сәдуақасова АҚШ-тағы өмірін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса қазіргі уақытта АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында өмір сүріп жатыр. Отандасымыз биыл қаңтар айының соңында 40-қа келген туған күнін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Әсел Сәдуақасова күйеуі Мағжан Тілеухановпен ажырасып кеткенін растағаны туралы хабарланған болатын. Олар былтыр 4 қазан күні ресми түрде ажырасып кеткені белгілі болды.

Ал осыдан кейін актрисаның бұрынғы күйеуі де жан сырын ақтарып, өзінің қандай күй кешіп жатқаны туралы айтқан болатын.