«ҚазАвтоЖол» мәлімдеме жасады
Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңірінде тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 5 наурыз сағат 13:30-да келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы: «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті) автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы: «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті) автожолының 337-517 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Доссор а.).