Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың қазіргі жағдайы туралы айтты
Маңғыстау облысында пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылған адамды дәрігерлер ауруханадан шығуға дайындап жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Жалпы жағдайы тұрақты. Науқастың ақыл-есі қалыпты және адекватты жауап береді. Өз еркімен тыныс ала алады. Гемодинамикасы тұрақты. Келесі аптада үйден шығады деген үміттеміз», - дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында пойыз басып кеткен ер адам екі аяғынан айырылғаны туралы хабарланған болатын.