Оқиға Қостанай облысында болған
Қостанай облысында Lexus мінген погонды шенеунік полицейді боқтағаны үшін оқуынан қуылып, жұмысынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Qumash Telegram каналының мәліметінше, погонды шенеунік Қостанай облысындағы ІІМ академиясының магистратурадағы оқуынан айырылған. Сол сияқты ішкі істер органдарынан «құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылық жасағаны үшін» қызметінен қуылды.
Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы полицей жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан тәртіп сақшыларын боқтап жібергені хабарланған. Ал оларды жауапкершіліктен босатқаны үшін патрульдік қызметтің екі қызметкері лауазымдарынан босатылды.