Көлікті шығару мүмкін болмады
Қостанай облысының 112 пультіне бүгін Арқалық қаласынан 65 шақырым жерде жол жабық учаскеде жеңіл автокөлік қарға батып, қозғалысты жалғастыра алмай тұрғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар көлікті сүйреп шығаруға тырысқанымен, қалың қар бұған мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты олар жүргізуші мен 3 жолаушысын жақын маңдағы жылыту пунктіне эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеріп, ауа райы қолайсыз кезде алыс сапардан бас тартуға кеңес береді.