Астанада 24 жасар жігіт 100 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған

Автор: Дәуренқызы Алма

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: polisia.kz

Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркіленді», – делінген полиция хабарламасында. 

Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады.