Ақмола облысына оңтүстік өңірлерден 15 килограмм есірткі тасымалдағандар ұсталды

Автор: Асыл Арман

Олар сот санкциясымен қамауға алынды

Фото: ҰҚК

Ақмола облысына оңтүстік өңірлерден есірткі тасымалдаған екі адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше оңтүстік өңірлерден есірткі тасымалдағандар 2025 жылдың ақпанында қолға түсті.

«Сот санкциясымен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Олардан 15 кг «гашиш» есірткі заты тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.