Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін

Автор: Асыл Арман

Пилоттық жобаны ІІМ мен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп әзірледі

Фото: Azattyq Rýhy

Қазақстанда мерзімі өткен жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн форматта жүргізілуі мүмкін. Тиісті пилоттық жобаны Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді, атап айтқанда, қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде онлайн форматта қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке куәлік беру», - делінген түсіндірме жазбада.

Қазақстандықтар мерзімі өтіп кеткен құжаттарды электронды үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы онлайн режимінде ала алады.

Қызмет жеке куәліктің мерзімінің аяқталуына 30 немесе одан аз күнтізбелік күн қалғанда немесе оның мерзімі өтіп кеткен, бірақ 10 күнтізбелік күннен аспайтын жағдайда ғана қолжетімді болады.

Құжат 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.