Дауылды ескертуді елемегендер қар құрсауында қалып қойды: 5 автокөлік тұрып қалған (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

ТЖМ құтқарушылары 21 адамды құтқарды

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Б.Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автожолының Күреңбел ауылының маңында, сондай-ақ Ертай ауылының жанында 5 жеңіл көлік қар құрсауында қалып койды. Көлікте 21 адам, оның ішінде 3 бала болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жедел келіп, құтқарылғандарды Күреңбел ауылына эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

«Дауылды ескертулер туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар», – делінген ТЖМ хабарламасында.