«Өзімнің бриллиантым ойнамай қалды»: Айгүл Иманбаева Ақботаның тойында алған сыйлықтарымен мақтанды (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Жақында Ақбота Керімбекова келін түсіріп, дүркіретіп тойын берді

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Оның бас қолдаушысы, ұлының кіндік шешесі Айгүл Иманбаева тойдан құр қол кетпепті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен Ақбота Керімбекованың үйінде байлықтың астына малынып отырмын. Құдалардан сыйлық, Мәдөктен сыйлық дегендей. Ақботаның аты – Мәдөк! Халқым, біліп жүріңіздер. Не болса да, сыйлықтың астында көміліп, тіпті, өзімнің бриллиантым ойнамай қалды», – деді әртіс.

Желі қолданушылары жұғысты болсын деп, құттықтап жатыр.

«Игілігіңізге пайдаланыңыз, құтты болсын», «Қуанышты бөліссең, көбейеді», «Бақытқа лайықты», – деп жазады олар.