Әйелін жарып жібермек болған күйеуі 42 жыл бойы басқа адамның атын жамылып келген

Автор: Дәуренқызы Алма

Ол 1982 жылы өз әйелін бомбамен өлтірмек болған 

Фото: istockphoto.com

АҚШ-та 42 жыл бойы жалған атпен жасырынып келген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy People басылымына сілтеме жасап.

Стивен Крейг Кэмпбелл есімді америкалықтың әйелі 1982 жылы құрал-саймандар қорабын ашқан сәттегі жарылыстан саусағынан айырылып, ауыр жарақат алған. Тергеу барысында бомбаны оның күйеуі қойғаны анықталған.

Жарылыстан кейін Кэмпбелл қамауға алынғанымен, кепілмен босатылып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

76 жастағы Кэмпбелл 2024 жылдың 19 ақпанында ғана Нью-Мексико штатында ұсталды. Тергеу оның 1975 жылы қайтыс болған адам – Коффманның жеке басын заңсыз пайдаланып, жалған құжаттармен өмір сүргенін анықтады.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.