Осыдан екі жыл бұрын Ақтөбеде әскери ұшақтар музейі ашылған
Қазір музей аянышты күй кешуде. Желі қолданушының айтуынша, ұшақтардың барлық терезелері сындырылып, техникаға орасан залал келтірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көріп тұрғандарыңыз – аспан асты музейі. Біздің жабайылар терезесін сындырып, техниканың быт-шытын шығарған. Аянышты көрініс. Бізге тегін дүние болмайды екен», – деді ол.
Аман қалғаны – мерген отыратын жердегі терезе, оның өзі қатты шыныдан жасалғаннан кейін ғана сау күйінде тұр.
Осыдан екі жыл бұрын Әуе қорғаныс күштері институты меншігінде болған ұшақтар жұртшылық назарына ұсынылды. Жалпы алаңда ұшақтың 9 түрі мен бір тікұшақ бар.