20 жастағы қазақстандық шахматшы әлемдік додада қола жүлде алды

Автор: Дәуренқызы Алма

Қазыбек Нөгербек халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

Фото: ҰОК

Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Турнирдің соңғы кезеңінде Қазақстанның екі гроссмейстері – Қазыбек Нөгербек пен 24 жастағы Әлішер Сүлейменов өзара кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Бұл партия турнирдегі ең қызықты кездесулердің бірі болды.