Сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеме жасады
Қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-батысында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерасты дүмпулері 3 наурыз күні сағат 11:05-те тіркелді.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан», - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұлттық орталығының сейсмикалық стансалар желісі.