03.03.2025, 10:57
Жаңалықтар
Ақтөбеде шахтада болған жарылыс: 1 адам жағдайы ауыр күйде жансақтау бөлімінде жатыр
Науқастардың жағдайы белгілі болды
Фото: depositphotos.com
Ақтөбе облысындағы шахтада болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер науқастардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Жарылыс 28 ақпан күні «Казхром» Eurasian Resources Group (ERG) АҚ филиалы Дон тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде болды.
«Біреуінің жағдайы ауыр, реанимацияда. Қалғаны бөлімшеде күйікке байланысты ем алып жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.
Айта кетейік, осыған дейін шахтадағы жарылыстан 4 адамды күйік шалғаны туралы хабарланған болатын.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды