«Хизб-ут-Тахрир» ұйымын насихаттап, терроризмге шақырғандар сотталып тынды
Олар әлеуметтік желі арқылы экстремизмге шақырған
Түркістан облысында терроризмді насихаттағаны және экстремистік ұйымға мүше болып, қылмы жасағандар сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан-исламдық қозғалысы» халықаралық террористік ұйымдарының видео жазбаларын таратқан.
Сол сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында «WhatsApp» және «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан.
«Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Терроризмді насихаттаған кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды. Үкімдер заңды күшіне енген», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.