Ол көліктің үстіне шығып, әдепсіз қылық көрсеткен
Қостанайдағы орталық базар маңында мас әйел оғаш әрекеттерімен жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ТоболИнфо» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, 39 жастағы әйел қатты айқайлап, балағат сөздер айтып, жол жиегіне шыққан. Кейін тоқтап тұрған көліктің үстіне шығып кеткен. Көлік иесі оны шатырдан түсірген соң, көп ұзамай оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйел орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Оған қатысты екі әкімшілік іс қозғалды:
Құқық қорғау органдары әйелді сауықтыру орталығына жеткізді.