Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 4,6 пайызға өсті

Автор: Дәуренқызы Алма

Ақпанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 52 588 теңгеге жетті

Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі қаңтардағы 51 548 теңгеден ақпанда 52 588 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша алғашқы үштікке:

  • Алматы облысы – 56 574 теңге,
  • Астана – 56 169 теңге,
  • Ұлытау облысы – 54 282 теңге кірді.

Ал ең төменгі көрсеткіштер:

  • Қызылорда облысында – 46 672 теңге,
  • Батыс Қазақстан облысында – 47 408 теңге,
  • Ақтөбе облысында – 47 463 теңге тіркелді.

Гендерлік бөліністе:

  • Ерлер үшін – 62 562 теңге,
  • Әйелдер үшін – 49 680 теңге.

Сондай-ақ зейнеткерлердің күнкөріс деңгейі қаңтардағы 48 195 теңгеден ақпанда 49 163 теңгеге дейін көтерілді.