Солтүстік Қазақстанда жолаушылар электр пойызында өрт шықты

Автор: Дәуренқызы Алма

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті жолаушыларды құтқарып қалды

Фото: ТЖМ

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Қандратовка станциясында «Петухово (РФ) – Петропавл» бағытымен келе жатқан жолаушылар электр пойызыныңастынан түтін шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға кезінде пойызда 35 жолаушы болған. Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерініңарқасында түтін вагондарға таралған жоқ.

Төтенше жағдайдың себебі – вагондардың біріндегі дөңгелек қозғалтқышының жануы.

Өрт сөндірушілер оттың одан әрі таралуына жол бермей, доңғалақ астына су жіберді. Адамдарды эвакуациялаудың қажеті болған жоқ.

Тегтер: