Үш дүркін Олимпиада чемпионы 49 жасында өмірден өтті

Автор: Дәуренқызы Алма

Қаралы хабарды Ресей күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили жеткізді. 

ФОТО: RU.WIKIPEDIA.ORG

Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев 49 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Сайтиев 1996 жылы Атлантада, 2004 жылы Афиныда және 2008 жылы Бейжіңде 74 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.

Ол сондай-ақ алты дүркін әлем чемпионы, бірнеше рет Ресей чемпионаттарында жеңіске жеткен, 1998 жылы Ізгі ниет ойындарының және 2008 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы.

2009 жылы Бувайсар Сайтиев 4-дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденіменмарапатталған.