Семейде соққыға жығылған бала үйлі болды

Автор: Дәуренқызы Алма

Қазақстандықтар семейлік балаға 35 миллион теңге жинады

Фото: istockphoto.com

Семейде жасөспірімдердің айуандық шабуылына ұшыраған 11 жасар бала жаңа 4 бөлмелі пәтерге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Ерікті Динара Садырбаева Almaty.Official сайтына берген ақпаратында қазақстандықтар Әлинұрға көмектесу үшін рекордтық 35 миллион теңге жинағанын, осы қаражатқа жаңа пәтер сатып алынғанын айтты.