«Үйде тыныш жатсам да, маза бермейсіздер»: Ерке Есмахан босануына қатысты сұрақтың астына алғандарға жауап қатты

Автор: Дәуренқызы Алма

Танымал әнші үшінші баласына екіқабат

Фото: instagram/erke_esmahan

Ай-күні жақындаған Ерке Есмахан қазір өзіне декреттік демалыс жариялап, жұрт көзінен таса жүруге тырысатын болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желі қолданушылары жоғалып кеткен әншіні сұрақтың астына алып: 

«Неге босанғаныңыз туралы айтпайсыз? Сонша интрига қылып не болды?», – деп жекеге жазған.

Ерке Есмахан да қарап қалмай, қысқа қайырып, жауап қатты.

«Тусам, оның не жасыратыны бар? Үйде тыныш жатсам да, маза бермейсіздер, иә?» – деді әнші.