Желіде сахналық қойылымнан үзінді тарады
Қазақстанда 2rar лақап атымен танылған рэпер сахнаға қызбен шығып елді шулатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әнші бір киім ішіне қызбен оранып шыққанын көруге болады. Дәл сол күйінде екеуі ән шырқады.
Желі қолданушылары қойылымның мәні мен мақсатын түсінбей аң-таң. Көбісі мұндай әрекетті ерсі көрді.
«Жатып айтпады ма?!», «Сасқан үйрек артпен жүзеді болып тұр ғой», «Аяғы бірігіп, тап бір мүгедектер сияқты, кім ойлап тапса да – ақымақтық», «Неге осылар ойларына келгенін істейді?» – деп жазады желі қолданушылары.