«Нұрлан қайда?»: Әйгерім Қалаубаева басқа жігітпен тойға шықты (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Халық әншіні Нұрлан Әлімжановпен бірге көріп, үйреніп қалған

Фото: видеодан кадр

Әйгерім Қалаубаева жариялаған соңғы видеода әріптесін алмастырғанын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кезекті мерекелі кешке әнші жүргізуші Фархат Балқыбекұлымен шықты. Оны көрген желі қолданушылары Нұрлан Әлімжановты іздей бастады.

«Нұрлан жоқ па?», «Нұрланмен көріп, үйреніп қалыппын», «Нұрланнан басқасы жараспай ма, қалай?», «Жаныңызда Нұрланды ғана көргіміз келеді», – деп жазады желі қолданушылары.

Желіде Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның махаббат әнін орындаған видеосы жарияланып, екеуі сахнаға қол ұстасып шыққанын жазған болатынбыз.