Санкт-Петербургтің Невский ауданында адам сүйектері салынған екі чемодан табылды
«РИА Новости» хабарлауынша, екі чемоданды Славянская көшесіндегі 3-ғимарат маңынан кездейсоқ өтіп бара жатқан адам тапқан. Ол дереу полицияға хабар берген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына құқық қорғау органдары мен жедел қызмет өкілдері жетіп, тергеу жұмыстары басталды.
Қазір марқұмның жеке басы мен өлімінің себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ күдіктілерді іздеу шаралары қолға алынған.
«Сүйек қалдықтары кімдікі екені, өлім себебі де әлі белгісіз», – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.