Қазақстандық альпинистер Килиманджаро шыңын бағындырды

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл әлемдегі ең биік жалғыз тұрған тау

Фото: Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай альпинистер Килиманджаро шыңына көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні қарсаңында Федерацияның қолдауымен альпинистер тобы атақты Мақсұт Жұмаевтың жетекшілігімен Африканың ең биік нүктесі Килиманджаро шыңын бағындырды.

Ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов атап өткендей, бұл бірлік пен татулықтың символына айналды. Қазақстандық альпинистер қиые ауа райы мен биіктіктің қиындығына қарамастан, шыңға жетті. Шың басында Қазақстанның мемлекеттік туы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауы көтерілді.

Килиманджаро әлемдегі ең биік жеке тұрған тау, Африканың ең биік нүктесі саналады.