Елордада ерекше қайырымдылық шарасы өтті
Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы мен Алғыс айту күніне орай ерекше қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында коммуналдық мекеме қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратылды. Аязды ауа райына қарамастан, қала тұрғындары жылы лебіздерін жеткізіп, олардың еңбегіне құрмет көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара тек коммуналдық қызметкерлерді қолдау ғана емес, сонымен қатар қоғамда алғыс айту мәдениетін нығайтуға бағытталған.
«Біз қала тазалығы үшін күнделікті еңбектенетін жандардың жұмысын бағалауымыз керек. Бұл акция арқылы оларға алғысымызды білдіріп қана қоймай, өзгелерге де жылы ықылас танытуға шақырамыз», – деді шара ұйымдастырушылары.