Наурыз айындағы ҰБТ басталды

Автор: Дәулет Ботагөз

Тест 6 сәуірге дейін жалғасады

Фото: pixabay

Қазақстанда наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Биыл тестілеуге қатысу үшін 163 мыңға жуық адам өтініш берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ҰБТ-ға өтініш бергендердің 76%-ы тестті қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тіліндетапсыруды таңдаған.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, алғашқы күні 775 талапкер сынақ тапсырды.

Талапкерлер арасында ең танымал пәндік комбинациялар:

  • «Биология-Химия» – 17,5% (медицина, педагогика және ауыл шаруашылығы мамандықтарына түсу үшін);
  • «Математика-Физика» – 17,1%(инженерлік мамандықтарға бағытталған);
  •  «Математика-Информатика» – 10,5%(ақпараттық технологиялар және IT мамандықтары үшін).