Көлік бірнеше бөлікке бөлініп кетті: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиғадан үш шетел азаматы зардап шекті

Фото: © istockphoto.com

Темір ауданында Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш шетел азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

«28 ақпан күні сағат 19:00 шамасында Chevrolet Cobalt пен Volkswagen маркалы көліктер қатты соқтығысқан. Соның салдарынан автомобильдің бірі бірнеше бөлікке бөлініп қалған. Жол апаты салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары», — делінген материалда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың барлығында көптеген дене жарақаты; жабық бас-ми жарақаты бар. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.