Оқиғаға қатысты Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады
Астанада ер адам танысымен сөзге келіп қалып, ұрыс барысында оны басынан атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаға қатысты Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, кісі өлтіру кезінде қолданылған қару тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрын таныс адамдар арасындағы жанжал кезінде болған. Даудың барысында күдікті марқұмның басына оқ атқан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Елордалық полицейлер көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Сондай-ақ азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - дейді Полиция департаменті редакцияның сауалына.