$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да екі студентті бопсалап, несие алуға мәжбүрлеген күдікті ұсталды

Күдікті қазір үйқамақта отыр

ШҚО-да екі студентті бопсалап, несие алуға мәжбүрлеген күдікті ұсталды
Фото: istockphoto.com

ШҚО-да екі студентті бопсалап, мкронесие алуға мәжбүрлеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өскемен қаласының оқу орындарының бірінде екі студент жәбірленуші болған бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 19 жастағы азамат бірнеше ай бойы олардан ірі көлемде ақша талап еткен, тіпті микронесиелер мен кредиттер алуға мәжбүрлеген. Осы уақыт ішінде жәбірленушілер оған жалпы сомасы шамамен 1 миллион теңге қаражат берген.

«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, ықтимал куәгерлерді анықтау және жиналған материалдарды талдау бойынша кешенді шаралар жүргізуде.

Қазіргі уақытта сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары