Ол сүйіктісінің алтын бұйымдарын да ұрлап кеткен
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісінің атынан несие алып, артынша айырылысып кеткені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысында полиция жәбірленушінің бұрынғы бірге тұратын адамына қатысы бар алаяқтық оқиғасын тергеп жатыр.
«35 жастағы әйел Степногорск қалалық полиция басқармасына жүгінді, ол коллекторлық қызмет одан өткен жылы рәсімдеген несие бойынша ақшаны қайтаруды талап етеді деп мәлімдеді. Алайда, өтініш беруші ешқандай несие алмағанына сенімді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер несиені бөгде адам емес, әйелдің 36 жастағы бұрынғы бірге тұрған адамы рәсімдегенін анықтады. Сонымен қатар, жәбірленуші оған емделуге арналған жинақталған қаражатын және алтын зергерлік бұйымдарын берген, алайда ер адам оларды қайтармаған. Полицейлер осы іс бойынша барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Полиция азаматтарды қырағы болуға және жеке деректерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаны нотариалды куәландырылған құжаттарсыз ең жақын адамдарға да бермеуге шақырады.