Ұлттық банк доллардың ресми бағамын белгіледі
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,45 теңгеге көтеріліп, 501,49 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 27 ақпанда доллардың ресми бағамын 501,28 теңге етіп белгіледі.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 498,99 теңгені, ал сату бағамы 501,53 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 499,09 теңгеден сатып алып, 505,11 теңгеден сатуда.