Ақтауға қар жауып, әуежайы жабылып қалды

Автор: Асыл Арман

Бұл күндері Ақтауда облыс үшін ауа райы қалыптан тыс қарлы болды

Фото: Ақтау әуежайы

Ақтау әуежайындағы ұшу-қону жолағы бірнеше сағатқа жабылды. Мұның бәрі ауа райының нашарлауына байланысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл күндері Ақтауда облыс үшін ауа райы қалыптан тыс қарлы болды. Ауа райының нашарлауына байланысты жергілікті әуежай ұшу-қону жолағын жабуға мәжбүр болды.

«Қолайсыз ауа райы жағдайларына және техникалық қызмет көрсетуге байланысты Ақтау әуежайындағы ұшу-қону жолағы 2025 жылғы 27 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін уақытша жабылды», - деп хабарлады әуежай әкімшілігі.

Әзірге 27 ақпанға жоспарланған 11 рейстің төртеуі кейінге шегерілді.

Жолаушылар кестедегі өзгерістер туралы өзекті ақпаратты әуежайдың www.aktau-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық кеңсе: 8 (7292) 60 97 55 телефоны арқылы ала алады.

Тегтер: