Екібастұзда жүргізуші тоқтап тұрған көлікті соғып, супермаркетке кіріп кетті

Автор: Асыл Арман

Оқиға 26 ақпанда болған

Фото: Павлодар облысы ПД

Екібастұзда жүргізуші тоқтап тұрған көлікті соғып, үлкен супермаркет ғимаратына кіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 26 ақпанда болған. Toyota RAV4 жүргізушісі қауіпті маневр жасаған. Салдарынан ол тоқтап тұрған көлікті соғып өткен, содан кейін бағытын өзгертіп, көшедегі спорт тұлыбына соғылған соң супермаркет ғимаратына кіріп кеткен.

«Оқиға салдарынан азаматтар зардап шеккен жоқ. Көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, көлік құралдарын және басқа да мүлікті бүлдіріп, материалдық залал келтіргені үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.

Сот оған үкім шығарады.