Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады
Семейде қатарластары оңбай соққыға жыққан баланың жабық бассүйек-ми жарақатын алғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының 2025 жылдың 23 ақпанында Семей қаласының медициналық университетінің университеттік ауруханасының реанимация бөлімінде қаралғанын хабарлады. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, сараптамадан өткен.
Дәрігерлер мынандай диагноз қойды: жабық бассүйек-ми жарақаты, бас терісінің, желке аймағының гематомасы, аяқтың төменгі жағында көптеген тері асты гематомалары.
«Баланың жағдайы оның психоэмоционалдық жағдайы мен диагнозына байланысты салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Бала қажетті диагностикалық тексерулерден өтті. Сараптама қорытындысы бойынша өмірге қауіп төндіретін себептер жоқ», - деп хабарлады басқарма.