«Ерсі емес пе?»: Айгүл Иманбаеваның күйеуімен түсірген видеосы жұртты ұялтты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олардың заңды некеге тұрғандарына бір жыл болды

Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева күйеуімен бірге түскен видеосы жұртты ұялтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші видеода тұрмысқа шыққанына 23 ақпанда тұп-тура бір жыл болғанын айтты.

«Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! Былтырғы 2024 жылдың 23 ақпаны күні жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген күніміз болатын. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады.

 Әрбір адам баласының тағдыры бір Жаратушының қолында. «Әйел қырық шырақты», деген осы шығар. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты!» - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Өнер жұлдызының күйеуімен бірге түскен видеосы желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ.

«Айгүл, жас қыз емессің. Қазақи тәрбие көргенсің. Не болды соншама», «Жиіркенеді екенсің, дапдардай, сүйіскені ерсі екен!», «Сүйкімі жоқ ешқандай, ар-намыс қайда қалды, тигенін дәріптеп, әбден болды ғой», «Ұят қой мынауың, Айгүл», - деп жазды желі қолданушылары.