Қазір ол Бішкекте УҰИ-ға қамалды
Балқашта кісі өлтіріп, қашып кетке күдікті Қырғызстанда қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол кісі өлтіргеннен кейін 6 жылдан астам уақыт жасырынып жүрген.
ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.
Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.