$ 501.28  526.19  5.86
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаевқа үкімет басшысы су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы есеп берді

Президент кездесу соңында үкімет басшысына тапсырма берді

Тоқаевқа үкімет басшысы су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы есеп берді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды.

Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Сондай-ақ премьер-министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу соңында президент премьер-министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары