Семейдегі оқиға: вице-министр мұғалімдерді жұмыстан шығару мәселесіне қатысты пікір білдірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Мұғалімдеге қатысты шешім әлі шықпаған

Фото: Семейдің білім басқармасы

Мәжіліс кулуарында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан журналистердің Семейдегі оқиғаға байланысты мұғалімдерді жұмыстан шығару мәселесі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл мәселе бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Бүгін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның шешімі жарияланды, олар ата-аналарға қатысты бірқатар шара қабылдады. Ал мұғалімдерге қатысты шешім әлі қабылданған жоқ», – деп мәлімдеді вице-министр.

Айта кетейік, Семейде бір топ оқушы жасы кіші баланы аяусыз ұрып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлегені хабарланған болатын. Құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Материалдар қосымша қарау үшін сотқа жіберілді