Олар былтыр қыркүйек айында жоғалып кеткен
Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт пен қыз аман-есен тірі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Lider.kz волонтерлік ұйымының мәліметінше, 2007 жылы туған Лағыл Бұланбаева мен 2002 жылы туған Айбек Базарбаев 2024 жылы 24 қыркүйекте жоғалып кеткен.
Олар таңғы сағат 6-да Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец ауылындағы үйден бірге шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған.
Еріктілердің айтуынша олар 21 ақпанда табылған. Осы уақыт ішінде олардың қайда болғаны белгісіз.