Облыстық Полиция департаменті күдіктінің суретін жариялап, мәлімдеме жасады
Ақтөбеде алаяқтық бойынша жасаған күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаменті күдіктінің суретін жариялап, мәлімдеме жасады.
«Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында (алаяқтық) көзделген қылмысты жасағаны үшін 18.03.1986 ж.т., Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туып-өскен Есбатыров Бекжан Азаматович іздестіріліп жатыр.
Аталған іздеудегі тұлғаның жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, Ақтөбе облысының полиция департаментіне 8 /7132/93-61-00, 93-61-18, 8-708-563-38-50, 8-701-380-80-30 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.