Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы бүгін осындай шешім қабылдады
Семейде оқушыны топ болып ұрған жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілетіні анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы бүгін осындай шешім қабылдады.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберіледі, онда олар түзету курсынан өтуі керек. Олармен психологтар жұмыс істейді.
«Құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Материалдар қосымша қарау үшін сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру және екі балаға қорғаншылықты тоқтату туралы шешім шығарылды.
Айта кетейік, Семейде бір топ оқушы жасы кіші баланы аяусыз ұрып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлегені хабарланған болатын.