Көктайғақ, тұман, боран: бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман, жел болады.

Петропавл қаласы мен Ақтөбе облысында қар жауады, тұман түседі, бұрқасын болады.

Алматы, Ақтау, Қонаев, Қызылорда, Жезқазған, Тараз қалаларында, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел күшейіп, жаңбыр болады.