Доллардың құны 500 теңгеден төмен түсті

Автор: Асыл Арман

Доллар 3,46 теңгеге арзандады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 498,69 теңгені құрап, 3,46 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ұлттық Банкі долларының 25 ақпандағы ресми бағамы 502,89 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 499,16 теңгеге, сату – 501,71 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 498,31 теңгеден сатып алынады, 504,31 теңгеден сатылады.