Путин Тоқаевқа үкімет басшысының орынбасары арқылы сәлем айтты

Автор: Асыл Арман

Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.