Ол шашын өсірмесе, қарапайым қазақ екенін жеткізді
Хейт арқылы танымал болған афроқазақ Ақниет алғашқы сұхбатында басынан өткен қиындықтары жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның әкесі африкалық болса, анасы - қазақ. Құлсарыда ата-анасы тұрады. Желіде қазір ол шаш күтімі жайлы контент жасап жүр.
«15 жасымда Ақтауға көшіп кеттім. Сыныптастарыммен де араласпайтын едім. Мектепте шашымды өсірмедім. 9-сыныпта ғана шашымды өсірдім. Құлсарыға барғанда үйден шықпаймын. Анамды көруге бардым деп, тек үйде отырамын. Туысқандарыммен сөйлеспеймін. Тек нағашыларыммен араласамын. Қазір тіс дәрігеріне оқып жатырмын. 18 жастамын», - дейді ол.