WADA осындай шешім қабылдады
Хоккейден өскемендік «Торпедо» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Зубов үш жылға, яғни 2027 жылдың 10 желтоқсанына дейін спорттан шеттетілді. Мұндай шешімді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Азия чемпионатында Зубовтан алынған допинг сынамасы нәтижесінде қанында тыйым салынған заттың барын көрсетті. Хоккейшінің денесінен химиялық құрылымы мен әсері метандростенолонға ұқсас анаболикалық стероид оралтуринабол табылды.
Спортшының өзі дәрінің денесіне қалай енгенін түсінбейтінін айтты.
Биылғы маусымда 27 жастағы шабуылшы Қазақстан тұрақты чемпионатында 22 кездесу өткізіп, 18 (3+15) ұпай жинаған.