Мұржаның жоқтығынан көміртегі тотығы сыртқа шықпай, бүкіл үйге тараған
Ақтау қаласының іргесіндегі Мұнайлы ауданында жеке сектордағы үйлердің бірінде үш адам, оның ішінде екі жасөспірім көмірқышқыл газына уланып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға 23 ақпанда болғанын хабарлады. Төрт адам көмірқышқыл газынан уланған. Олардың үшеуі, оның ішінде екі жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, төртіншісі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен адамның жағдайы ауыр.
Облыс әкімдігі марқұмның туыстарына материалдық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, үйдегі пештің мұржасы болмаған. Осының салдарынан көміртегі тотығы сыртқа шықпай, бүкіл үйге тараған.