Ол тубдиспансер төсегінде көз жұмды
Степногорск қаласының 24 жастағы аяғы ауыр тұрғыны Көкшетаудағы туберкулезге қарсы диспансерге түсіп, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратты Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы растады. Ведомствоның мәліметінше, әйел адам 2024 жылдың шілдесінде ауырып қалған, бірақ медициналық көмекке жүгінбей, өзін-өзі емдеумен айналысқан.
«2024 жылдың желтоқсан айында ол Степногорск қаласындағы «Виамедис» ЖШС-ға тіркеліп, жүктілігіне 13 апта 5 күн болғанда есепке алынды. Науқас 2025 жылдың қаңтар айында Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне оң жақты төменгі бөлік пневмониясы диагнозымен шұғыл түрде жатқызылды. Ол кезде жүктілік 15 апталық болатын», - деп хабарлады ведомстводан.
Кейінірек әйел адамның өкпе туберкулезі бактериялық экскрециямен ауырғаны анықталып, облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа жатқызуға жіберілді. Алайда, науқас бастапқыда емдеуден үзілді-кесілді бас тартты, бірақ 17 қаңтардағы түсіндіруден кейін ауруханаға жатқызылды.
20 ақпанда туыстарының талабы бойынша әйел қолхатпен үйіне шығарылды. Алайда 21 ақпанда оның жағдайы күр нашарлап кетті. Қатты ентігу және аяғында ауырсыну пайда болды. 22 ақпанда күйеуі оны қайтадан ауруханаға апарып, науқас шұғыл түрде жатқызылды.
Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, әйел адамда жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі пайда болып, аурухана төсегінде қайтыс болды.